Өкпелеп өткен кундерге мунайдың сен неге сонша? Толады көңіл гүлдерге сезім мен сенімің болса Бір қуаныш пен бір қайғы жалғанның солай болар заңы Жаныңның сырын тыңдайды бакыттың күліп атқан таңы, бақыттың таңы
Қ-сы
Жүрегімде жара бар деп мойындама Өткен күндер, өткен күндер ойын ғана Өмір алда бәрі бәрі алда Ешқашан да уайым уайымдама (2 рет)
Тіледің не бір күн тағы ғажаптарға толы талай Сөнбесін үміт шырағы арманыңа шашқан арай Көңілді көктемнің әнін жүректе сақтап жайнап өтер Көңілсіз сәттердің бәрін Өмірге қайта қайтарып бер, сен қайтарып бер
Қ-сы
Жүрегімде жара бар деп мойындама Өткен күндер, өткен күндер ойын ғана Өмір алда бәрі бәрі алда Ешқашан да уайым уайымдама (2 рет)