Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қуаныш - " Бір күндері... " (Сөзі Дастан Матниязов) | Текст песни

Өтіп жатыр зымырап өткір жылым,
Ғашық болғам біреуге бес жыл бұрын,
Тамаша еді ол кездің бәрі маған,
Мұңға айналып өтуде олсыз күнім.

Ойым күмән,көзім тұман,
Апыр ай қалай енді төзем бұған.
Бұрынғыдай сырласып жүрмесекте,
Кей кезде сырттай ғана көріп тұрам.

Тағдырдың салғанына шамам барма,
Қарамайды жылжытып заманды алға,
Жүрегіме ауырлық ететіні,
Айналғанбыз бейтаныс адамдарға.

Жұрттар бес күн ұнатса бірін-бірі,
Ал мен аңсап жүрмінғой бұрынғыны,
Өлеңімді оқысаң бір күндері,
Түсінікпен қабылда күнім бұны.

Мазасызбын бірдеңе сезіп тұрмын,
Сен менсіз ақ бақытты кезіктірдің,
Мен сырттай мұңға батып тұрғанымда,
Сен алыста қуанып күліп тұрдың.

Күліп тұрдың бүгінгі күндеріңе,
Ал жүрегің мені ойлап сезбедіме,
Бақытыңа алыстан қол соғайын,
Өкпелеме сені ойлап жүргеніме.

Өкпелеме өткенді жазып салсам,
Өкпелеме сен мені көріп қалсаң,
Осы еді саған соңғы бар айтарым,
Өкпелеме бір күні өліп қалсам.

Өлеңімнің сен менің тереңін ой,
Алла қалап,алып кетсе дегенім ғой,
Мен сен үшін кететін ойымда жоқ,
Аман болсам бақытты көремін ғой...

Қуаныш еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1