Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қуаныш Қолқаев - Ғибрат | Текст песни

Дүрмегінде дүние деген базардың
Ей адам зат мұнартпасын көз алдың
Алтын жинап айға көшіп кетсеңде
Құрығынан құтылмассың ажалдың
Уакыт жылдам, сапар алыс, сағат кем
Аз өмірдің ақыр соңы көп əттең
Құлғынды ойлап дос болғанша арақпен
Құдайды ойлап құлшылық қыл тағатпен
Сап тыйылып сайрап тұрған тілің өш
Өмір шіркін өте шығар бір елес
Бүгін сені бар ете алған Аллаға
Ертең қайта жоқ етуде түк емес
Мұсылманның күні бекер өтпейді
Ондай жанға мақшарда мұң жоқ дейді
Жақсы амалмен жəннат баққа баруға
Біреулерге жүз жыл ғұмыр жетпейді
Таласудың тартысудың жоқ бəрі
Екі-ақ топқа бөлінеді жас-кəрі
Əуелгісі бір Алланың құлдары
Кейінгісі Ібілістің құрбаны
Қия басқан əр сəтіңнен құралған
Не болмақсың тау жиылса күнəңнан
Раббыңның табам десең рахымын
Қашу керек күнə түгіл күмəннан
Өтер-кетер жел айдаған қаңбақ күн
Өлім дейтін оқтан аман қалмақ кім
Мəңгі өмірде жайың болсын жамағат
Жайнап тұрған жасыл бағы жəннəттің

Қуаныш Қолқаев еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1