1.Қағасың қанатыңды-ай, қалықтайсың-ай, Қонасың гүлден-гүлге ай жалықпайсың Ақ көбелек-ай! Жанары жарқылдаған-ай жарқын жаздың, Жалт етіп алдайтынын неге ұқпайсың Ақ көбелек-ай!
Қайырмасы Ақ көбелек! Ақ көбелек! Жете алмасаң күндерге, Өтінемін өкпелеме, Кінәсі жоқ гүлдерге, Ақ көбелек-ай!
2.Қарсы алып қызыл-жасыл-ай, жаз қонағын-ай, Қосылып менде өзіңе-ай, мәз боламын Ақ көбелек-ай! Өмірге сендей ғашық-ай барма шіркін-ай, Гүлдерге еркелеген – ай – а – ай,азғана күн Ақ көбелек – ай!