1.Азуын айға білеген Төбесі көкті тіреген Қарсыда келген хас жауын, Ақ семсерімен іреген Кеудесі тұнған жыр-өлең, Алладан рахым тілеген, Тамыры терең жайылған Өзегі шықты бір емен е-е-е-е-е-е.
Қайырмасы Қазақтығым қанымда, Алпыс екі тамырда Байлығымда барымда, Азаттығым жанымда Гүй-гүй- Гүй-гүй- Гүй-гүй Ұланғайыр кең даламның, Жазиралы дархандығын қарашы, Соған ие бір өзін Алты алаштың баласы.
2.Атырау-Алтай арасын, Жетісу-Арқа даласын, Найзаның қорғап ұшымен, Жер ұйық жердің саясын Заманмен тауып жарасым, Төмендетпеген бағасын, Қанаты кеңге жайылып Қырандай бейне тау асып.
3.Қастерлі Атамекенім, Қатерлі еді-ау кешегің, Азаттығыңды айғақтап, Түнектің түрдің етегін- Еңсеңді тіккеп, көтеріл, Елім деп өтсін өсер ұл, Бабадан қалған мұраның, Қасиетіне жете біл!