Құс та болғым келмейді қанатым бар Қанатым бар күмістен жаратылған
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған [kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен]
Тар бесігі кең жаһан тарылмаған Біреуге бар біреуге табылмаған
Сәби болғым келед-ау сәби болғым Ана сүті аузынан арылмаған Сәби болғым келеді-ay сәби болғым Ана сүті аузынан арылмаған
От та болғым келмейді жылуым бар Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым Күн сәулесі ойнаған тұлымымда Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым Күн сәулесі ойнаған тұлымымда
Қанат қағып өмірге ұшарымда Кесілмесе бәрібір тұсауым да
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым Сәбиі жоқ ананың құшағында Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым Сәбиі жоқ ананың құшағында