Өзіңмен қалсам кезігіп
Ғажайып бір күй туатын
Екеуміз ғана сезініп
Екеуміз ғана ұғатын
Екеуміз ғана ұғатын
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұндайда
Айым-ау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмай ма
Алаулап нұрың жүзіңнен
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп
Наздана күлсең сыңғарлы-ай
Жадырап жаның жанары
Жаңбырдың соңы қырлардай
Дүние кетер жаңарып
Дүние кетер тазарып
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұндайда
Айым-ау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмай ма
Алаулап нұрың, жүзің де
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп
А-а-а-а-а-а-а
Айым-ау мен сені сүйем
Өзіңе қалсам тіл қатып
Зымырар қаным тулатып
Сондағы ойым-арманым
Ғажайып күйін жырлатып
Ляззатқа кетсек бір батып
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұндайда
Айым-ау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмай ма
Алаулап нұрың, жүзің де
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп
А-а-а-а-а-а
Айым-ау, айым-ау, айым-ау мен сені сүйем
Ускенбаев Курбанбай еще тексты
Другие названия этого текста
- Ускенбаев Курбанбай - Ғажайып күй (0)
- Азия тобы - Гажайып куй (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2