Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

УЧИТЬ - 1. Әке туралы жыр.mp3 | Текст песни

ӘКЕ ТУРАЛЫ ЖЫР

Әні: Нұрғиса Тілендиев
Сөзі: Мұхтар Шаханов

1. Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем да алыс қанат қағып
Өзіңдей қамқор адам қайда маған.

2. Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен
Күш алып мақсатыма аттанамын.

3. Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Көңілімді қуанышқа толтырасың.
Арманның аспанына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар таудай сен тұрасың.

4. Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.


УЧИТЬ еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-