Ооо анажан құлыңмын Құл болғанмен жаныңда жүре алмадым Ұлы таңда сыналып ұлы арманым Сорым ба әлде бағым ба біле алмадым Қолында екен бәрі де бір Алланың Ооо анажан, анажаным
Ооо анажан ұлыңмын Шыныл болсам сүтіңді ақтағаным Ірің болсам жараңды жаппағаным Ғалам жұрттың алдына шықпасам да Адалдықтың алдында аппақ арым Ооо анажан анажаным
Ооо анажан мұңыңмын Бара алмадым жаныңа кешпе мұны Лаулағанмен сағыныш сексеуілі Әжім болып қолыңа жазылыпты Мені баққан күндердің естелігі Ооо анажан анажаным
Ооо анажан сырыңмын Сенен басқа жанымды түсінер кім Мүмкін мен де талай күн түсіңе ендім Бағасын өзі берер алтын уақыт Анасын сағынбаған кісілердің Ооо анажан анажаным