Өмірдің өзі солай ғой, нұр шаша бермес жарқырап ылғи күн алдан, сәттер де болар жол таба алмайтын тұманнан, айрылар бейуақ қолтығыңнан сүйер сыңардан, көңіліңде сонда жүрсе тек ұмтылдыратын, жаныңды бұлқындыратын аласармайтын бір арман, сол ғана сені шығарар түбі құмардан. өзгенің бәрі — өткінші, бұл жай сыналған. Тағырыңды солай әрқашан сенім-күшпенен жалғасаң! Дауылдарға қарсы өршеленбесең, жанбасаң, құрысын ондай тірлігің деген. Сол оймен жалтақтамаймын, паң басам. Асуларым бар алда сан, бұл екпінімнен танбасам, мынау тірлікте отты жандардың өшпейтін үміттерімен жалғасам. ...өмірге келіп, кеткеніңде сенің не мән бар— жүрегінде елдің қалмасаң!