Бір сырымды айтам өзіңе...(оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН)
Бір сырымды айтам өзіңе, жаным, ал тыңдап: алдыңа сенің күліп те келем жарқылдап, алдыңа сенің түнеріп келем кейде мен, өмірдің кейбір көлеңкелерінен салқындап. Алдыңа бірақ көлгірсіп келмен қашанда, бар жаным осы: сүйкімді ме әлде нашар ма Көзіме жақсы көріну үшін өзің де ұзатар қыздай сәнденіп, текке жасанба! Сенсіз күндерде қайғы-мұң басып еңсені, тілегем талай: “Аяулым жақын келсе еді...” Жағынба маған, жарамсақтардан жиіркенем, анадан туған пәктікпен сүйем мен сені. Ашуың келсе, іренжиді-ау деп ашынба, ішіңнен тынып, жаныңның күйін жасырма, Екеуіміз, жаным, алдасып жүріп қайтеміз, онсыз да мынау шындықка тапшы ғасырда.