Жүрегімнің жалынысың,
Басылмайды сағынышым.
Жұлдыздарға көз салдым, жаным,
Арманның ақ таңы үшін.
Махаббатқа табынамын,
Бал сезімге бағынамын.
Сен қасымда жүрсең де, күнім,
Мен бәрібір сағынамын.
Аппақ таңымдай,
Асыл жаным-ай
Ғашық жандармыз, Қозы мен Баяндай,
Арман- тілекпіз, егіз жүрекпіз.
Мәнгі біргеміз – Төлеген-Жібекпіз.
Сағынышпен қауышамын,
Сенсіз төзім тауысамын,
Өзіңменен асыгып, жаным,
Түсімде де табысамын.
Аппақ таңымдай,
Асыл жаным-ай,
Ғашық жандармыз, Қозы мен Баяндай
Арман тілекпіз,егіз жүрекпіз,
Мәңгі біргеміз – Төлеген-Жібекпіз.
Махаббатқа табынамын,
Бал сезімге бағынамын.
Сен қасымда жүрсең де, күнім,
Мен бәрібір сағынамын.
Аппақ таңымдай,
Асыл жаным-ай,
Ғашық жандармыз, Қозы мен Баяндай.
Арман тілекпіз,егіз жүрекпіз.
Мәнгі біргеміз – Төлеген-Жібекпіз.
Формат тобы және Маржан Арапбаева еще тексты
Другие названия этого текста
- Маржан Арапбаева - Аппақ таңымдай, Асыл жаным ай (0)
- Формат тобы және Маржан Арапбаева - Асыл жаным-ай (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1