Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Халық әні - Ағажай,_Алтай.mp3 | Текст песни


Елім көшіп, қаңырап жерім қалды,
Асқар асу, шұрайлы белім қалды.
Ағажай-Алтайдай жер қайда-ай?!
Омырауын қарт ана жаспен жуып,
Қарай-қарай мекенге көзі талды.
Ағажай-Алтайдай жер қайда-ай?!

Өр Алтайдан дүркіреп, ел көшті ғой,
Ақ даланың тұсынан оқ есті ғой.
Ағажай-Алтайдай жер қайда-ай?!
Қара арғымақ сүрініп қу томарға,
Қара нардың бұйдасын жау кесті ғой.
Ағажай-Алтайдай жер қайда-ай?!

Тауы да алтын Алтайдың, тасы да алтын,
Ескен желі соғады қоңыр салқын.
Ағажай-Алтайдай жер қайда-ай?!
Қиыр жайлап, шет қонып қара Ертісті,
Абақ-Керей баласы ән салатын.
Ағажай-Алтайдай жер қайда-ай?!

Халық әні еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 5
Видео
Нет видео
-