Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер,
Желіге асау құлын байлаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер.
Е-е-й, ахау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз.
Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер.
Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер,
Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер.
Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Алдымнан келін кесіп өтпеген жер.
халық әні еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 52