Мариям Жагор деген орыс қызы, Он алты, он жетiге келген кезi, Қазаққа Дудар деген ғашық болып, Сондағы Мәриямның айтқан сөзi!
Қайырмасы: Дударари-дудым, Бiр сен үшiн тудым! Шiркiн-ай, Дудара-ри-дудым! Дудар-ай, ақ боз атты жемдедiң бе, Жерiңе уағда айтқан келмедiң бе. Жерiңе уағда айтқан келмей қалып, Мәриям заты орыс деп сенбедiң бе?
Ащыкөл, Тущыкөлдiң арасы бiр, Басыңа кәмшат бөрiк жарасып жүр Дудар-ай, келер болсаң тезiрек кел, Орныңа өңкей жаман таласып жүр.
Қайырмасы. Қолында Мәриямның өткiр қайшы, Қағазға Мәриям аты жазылсайшы. Қор болып бiр жаманға кеткенiмше, Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
Сөзі мен әні: Мариям Жагорқызынікі
Мариям Жагорқызы (Рыкина Мария Егоровна) (1887 - 1950). Мария бұрынғы Целиноград облысындағы Қорғалжын ауданында туған. Халық өнерпазы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Оның бұл әні дәстүрлі қазақ әндерімен тамырлас, өзектес бола тұра ешбіріне ұқсамайтын мақам, дара мәнермен өрілген әуезді дыбыстар үйлесімі адамның жан сезімі иіріміне бағындырылған, кең тынысқа, асқақ дауысқа құрылған бірегей туынды.