Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазагымның алақаны деп білем
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Хасангалиев Ескендир еще тексты
Другие названия этого текста
- Жігіттер кв - Атамекен [2014] (0)
- Хасангалиев Ескендир - Атамекен (-) (0)
Видео
-
Ескендір Хасанғалиев - Атамекен
Әні: Е.Хасанғалиев Сөзі: Қ.Мырзағалиев. ... Ескендір Хасанғалиев - Атамекен ... Атамекен - Duration: 3:01. by Arman A 149,501 views. -
Ескендір Хасанғалиев
"Ғалым" Қазақ Ұлттық гимназиясы 10 жылдық мерейтой концерті.
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2