Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ШYNGYS, ReeGa, Maximum (ТеңгеMakers) - Жібер | Текст песни

1-куплет: ШYNGYS
Менің жүрегім енді мәңгілік түнек қапас,
Бақыт құсын өзім жерледім, басқасы қонбас.
Түсінбедім қадірін шынайы махаббатың,
Жұмағымды сатып болдым тұтқыны тозақтың.
Сен енді алыстасың, өзгенің бағысың,
Сүйікті жар немесе бақытты анасың.
Ал мен әр таңымды өкінішпен атқызып,
Сені жоқтап күйінішпен күнімді батқызып.
Жіберші мені, уақыт келді сені ұмытар,
Тарихымды өртеп жаңа өмірді бастар.
Жолым болып мүмкін жаңа махаббат табылар,
Сені сүйгендей сүйетініме күмәнім бар.

Қайырмасы
Жіберші мені жіберші,
Махаббатымды қайтар.
Сенің кербез келбетіңді,
Уақыт келді ұмытар.

Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер

2-куплет: ReeGa
Қымбаттым, менің махаббатыммен ойнадың,
Сезімнің жалған екенін қалай байқамадым?
Сенің қызыл еріндерің, тұңғыйық көздерің,
Көзіме шөп салғаныңды қалай мен сезбедім?
Сезсемде, байқамаған сыңай танытам,
Еріндерің емдемейді жүрегімді ауырған.
Ұмытқым келеді, тастағымда келеді,
Бірақта жаным сені, ReeGa қатты сүйеді.
Сенімен бола алмаймын, жоғалшы менен алыс,
Бірге болумызды қаламайды жігіттік намыс.
Смс-тер жойылады, өртенеді сүреттер,
Мені ұмыт аяулым, менің жүрегімді жібер!

Қайырмасы
Жіберші мені жіберші,
Махаббатымды қайтар.
Сенің кербез келбетіңді,
Уақыт келді ұмытар.

Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер

3-куплет: Maximum
Міне тағы бір өлеңді саған арнап жазудамын,
Болдың мен үшін сағым, болдың ғой менің арманым.
Басқа біреудің бағы, болып соның қасындасың,
Менің жүрегім енді, сүймейді сенен басқасын.
Екі жаққа кеттік біз, бір-бірімізді түсінбей,
Қиындықтарға шыдамай, болашағымызға сенбей.
Қанша сүйемін десеңде басқа жігітті тез таптың,
Ал мен әлі де сағынып сені ойлап қиналамын.
Қанша ұмытқым келседе әлі ұмыта алмаймын,
Қашан уақыт келед екен жаңа парақтан бастайтын?
Осылай болғаны үшін алтыным, мен өкінемін,
Жіберші жүрегімді, жаным сенен өтінемін.

Қайырмасы
Жіберші мені жіберші,
Махаббатымды қайтар.
Сенің кербез келбетіңді,
Уақыт келді ұмытар.

Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер
Жібер мені жібер бер бер бееер

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-