Ы, бала болмасамда баяғы, Шын жүректен жан-тәніммен сүйем ойнағанды. Шайқағанды, концерттен кейін мас болғанды, Құшағымдағы маған беймәлім аруларды. Е, білем бұл мәңгілікке жалғаспайды, Мен шайқаған қалаларды ертең басқалар шайқайды. Джихангер тоқтамайд, себебі қартаймайды, Жаным қартаймайды бірақ терім салбырайды. Ха, әзілдегенді қатты ұнатам, Аруларды күлдіріп жатын бөлмеме апарам. Қопарам, сахынаны астымдағы, Айтарыңды бетіме айт ішіңде жасырмағын. Сендерге жұлдызбын ал әкеме ақымақпын, Жүрекпен сүйген рэпімді қалайша тастамақпын?! Джихангер мәңгілік уайымдама жанкүйер, Өлсе де Тупак сияқты әлемді тербетер!
Қайырмасы: Соғыссыз бағындырдым, Елімнің қалаларын! Мойында еңбегімді Баба тілі болды сәнді. Соғыссыз бағындырдым, Елімнің қалаларын! Ұлы қазақ тілімен Ғаламшарды тербетем!
Паау, мен барған қалада жарылыс, Сұлу бойжеткен, сахынаға жақындамаңыз. Қарапайыммын бірақ ешкімді менсінбеймін, Ақылдымын бірақ химияны түсінбеймін. Ақырзаманнан қорқады бәрі, Мен қорқамын тыңдамай кете ме деп тыңдарманым. «Маған бәрібір» деп әрине айту оңай, Алайда менің әліде болғым келеді бай. Е, Алматыда болдым ересек, Жүрегім тас емес үгітілетін тесек. Үгіліп түк қалмады, тыңдаймын тек сананы, Тартып алып соңғы нанын ақшаларын санадым. Ы, Қазақ рэпінің ханы, Сапалы тауардың иесі көп болсада саны. Жеңістен жалығамын сүйіктісімін Алланың, Қазақ рэптің тарихына жалғыз қазықты қададым!
Қызық екен өмірімде талай жеңілгем, Алайда айналмадым мен есекке жегілген. Көпті көрген ақсақалмын деп айта алмаймын, Камераның алдында ақсақал боп ойнаймын. Бәрінің ауызы ашылып, Батамды тыңдайды алақандары жайылып. Ы, ұялшақпын ұялуды білмейм, Қазақ рэпінің, ханы жасасын аумин!