ШYNGYS'тың "Жалғыздық" әнінің мәтіні.
Парағымнан жаныма іздеймін жұбаныш,
Қайда кетті менің көңілімдегі қуаныш?
Білемін ешқашан өзгермейді болған іс,
Жаным менің арқалады қаншама қарғыс.
Еске алып қарасам өзімнің өткеніме,
Еріксіз жас толады менің көздеріме.
Шерімді тарқатамын керең сырласыма,
Амал қанша көнемін тағдырдың салғанына.
Терезеден қараймын құлазыған көшеге,
Өне бойым қауышып тылсым бір сезімге.
Күйініш барады жанымды жандырып,
Осылай баурады мені жалғыздық.
Қайырмасы:
Жалғыздық ақынның
Шабытының себебі.
Езуі күлседе,
Жылайды өлеңі.
Жүрегім кешірші мені, кешірші,
Бірақта жанымды менің түсінші.
Өтінемін менімен бірге күрсінші,
Үмітім ешқашан ешқашан сөнбеші.
Сәтсіздік қара бұлттай басыма төнбеші,
Көңілім биікте бол ешқашан түспеші.
Ар-ожданым берілме тағдырға көнбеші,
Сенімім қателеспе, сүрінбеші.
Вискиді серік қылып отырмын бөлмеде,
Талай-талай шумақтар өлді жүрегімде.
Күйініш барады жанымды жандырып,
Осылай өн-бойымды биледі жалғыздық.
ШYNGYS еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1