Жымыңдаған жұлдыздар зуылдап ағады, Жалғыз жүрегім менің әлі де соғады. Жүрегімнің көзжасы таусылып, тоқтады, Тәнім ғана қалып жаным күлге айналды. Құлы емес діннің, құлымын жүректің, Сонша сезімге беріліп қатты сүйіппін. Махаббатты сезінбеген адам өлген, Жаным, мені ұмытпашы... өтінемін.
Өмірдің мәні бар ма? Білмеймін. Мақсатсыз, бағытсыз жүзіп келемін. Тым өзімшілмін кейде... түсінем, Қуаныштан гөрі неге жиі күрсінем? Құтқарыңдаршы жанымды менің тулаған, Жазалаңдар адамды бақытымды ұрлаған! Үмітімнен кішкене ұшқын қалған сияқты, Тәңірім, өтінем құтқаршы бейбақты.