Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ШYNGYS - Жоғалған ұрпақ [Дұрыс Рэп] | Текст песни и Перевод на русский

ШYNGYS «Жоғалған ұрпақ»



Бейбітшілік заманда патриот болу оңай,

Тәуелсіздікті тойлаймыз кісеннен босатылмай.

Біз қыранбыз бірақ көк аспанды аңсаймыз,

Дұшпанға тізерлеп бір-бірімізді таптаймыз.



Біз қазақпыз бәлкім тағдырдың жазғаны осы,

Елбасымыз қосылмаған үш жүздің басын қосты.

Енді бөліндік нағыз қазақ пен шалақазаққа,

Қазақы мұсылманға және айналған арабқа.



Атамекен ешқашан көрмеді бірлікті,

Арымызды ұмытып шынықтырамыз білекті.

Ұсақталды ұрпақ, дұшпанымыз төрлетті,

Рухымыз сынды болсақта қанша иықты.



Жетер енді тек қана тарихпен мақтанып,

Ел тағдырын талқылаймыз асханада тамақтанып.

Шыныменде қане айтыңдаршы қандай болмақ?

Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісін көрген ұрпақ?!



Қайырмасы:

Бұл жоғалған ұрпақ,

Көк аспанды аңсап.

Самғамаған қыран.

Өртенген шаңырақ.



Жер анаға қажет пе ұлдарының қызыл қаны?

Айтшы қане, соғыссыз басталмаған бар ма таңы?

Кеше Ауғанстан, Ирак, Палестина,

Ал бүгін славян бауырларымыз – Украина.



Бауыр бауырына қарумен,

Жеңісті көрмеген арпалысқан «Аюмен».

Маңызы жоқ Порошенко немесе Путин,

Бейбітшілік аспанын қаптады қап-қара түтін.



Айыптыларды іздеуден аулақпын,

Пікір деген ізіндей бес саусақтың.

Сабақ болсын менің қазағыма,

Арандатуға еріп шығып жүрмейік майданға.



Отанды сүйеміз жек көреміз мемлекетті,

Қол жаямыз үкіметке жасамай әрекетті.

Байларды бай болғаны үшін ғана жек көріп,

Мұнайға батудамыз қайыршыдай өмір сүріп.



«Қазақ» деген халық па әлде тобырдың аты?

Қазақта сөз қалмады намыстарыңды оятатын!

Шыныменде қане айтыңдаршы қандай болмақ?

Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісін көрген ұрпақ?!

Другие названия этого текста
  • ШYNGYS - Жоғалған ұрпақ [Дұрыс Рэп] (1)
  • ШYNGYS - Жоғалған ұрпақ (Single 2014) (0)
  • Акон - Жоғалған ұрпақ (Single 2014) (0)
  • ШYNGYS - Жоғалған ұрпақ (Single 2014) |#ЖЖ (0)
  • ШYNGYS - Жоғалған ұрпақ | #KZSOUND (0)
  • ШYNGYS - Жоғалған ұрпақ [kz_rapinkz] (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-