Құшақтасамыз қайта Бірақ бірақ қолдарың суық. Оралмайды қайта Екеуміз салған бақыт.
Ескірді кейбір өмірлік құндылықтар, Кешегі бай бір үзім наннан бақыт табар. Суық қала, суық пәтер, суық төсек, Жылытпайды тіпті жазған хаттарың есіркеп. Еске алам терезесіне қарап купенің, Сен маған періште боп қалдың ал мен өзгердім. Жалынамын доғар тырнамашы жарамды, Күнім батып мәңгі түнек басты қаламды. Жібермейді неге өткен шақтың елестері? Мойындамай жалғыздықты сүйемін деп еркіндікті. Армандадым талай суық қара түндерде, Қайта құшағыма алып сүюді ерніңнен. Орындалып арманым отырсың қарама-қарсы, Үнсіздік пен өкініш арамызды басып. Жәйінда қалды дайындап қойған қызыл шарап, Мені сүйген еріндерің кетіп еді қарғап.
Құшақтасамыз қайта Бірақ бірақ қолдарың суық. Оралмайды қайта Екеуміз салған бақыт.
Біздің махаббат расында жастық қателік пе? Әлде өзім кіргізбедім бақытты есіктен. Сені іздеймін... басқаның жанарынан, Үміт берме, махаббаттан көңіл қалған. Көріп тұрсың ба Алматы өртенуде, Қызыл шарап көмектеспейді сөндіруге. Қараймын сенің жанарыңа, Көзім жетті бәрінің аяқталғанына. Тыныштықты бұзды «мяуы» мысығымның, Ал мен болсам саған көңілсіз жымиямын. Нәзік қолыңды ұстап сүйемін ақырын, Бақытым... қалайша әкеледі мұң? Жаным-ау, сен мені «өзгермеді» дейсің, Бірақ ішімде не болып жатқанын білмейсің. Сен білген Шыңғыс енді жоқ, өліп қалған, Өкініш пен ыза қалды махаббатымнан.
Төрт сағаттан кейін келеді 2012, Мен үшін ақырзаман бәрінен ертерек келді. Телефон шырылдап келіп жатыр смстер, Жаңа жылмен құттықтаулар және тілектер. Жалғыздықтан қашқан қалады жалғыздықта, Жауынгермін өлетінін біліп барған соғысқа. Терезеден көз саламын түнгі Алматыға, Күрсіне қарап атылып жатқан салюттарға…
Құшақтасамыз қайта Бірақ бірақ қолдарың суық. Оралмайды қайта Екеуміз салған бақыт.