Дос деп сені атамаймын, Бауырыма балаймын. Өмір өзен болса Мен қайығың болайын.
Қасіретім мен бақытыммен Бөлісемін сенімен. Бірге ұшып бірге құлап, Жеңісімізді тойлап.
Менің үйім ол сенің үйің Неге жоқ көңіл күйің? Өмір салды ма салмақ? Жартысын көтерейін.
Бауырымсың руы бөлек, Болмаған ағамдайсың, тірек. Мына әлем тек біздікі, Оны тоңқайту керек.
Қайырмасы: Руымыз бөлек болсада, Сенемін тек саған. Мына қатігез ойында Тек сенімен жеңе алам.
Оның қасында ғана шешемін бетпердемді, Себебі ол ғана мені жүз пайызға біледі. Ол менің досым емес ол менің бауырым, Дос деген уақытша мен мұны нақты білемін.
Қолын беріп көтерді мен талай жығылғанда, Маған жарық сыйлады мен түнекте тығылғанда. Бөлісіп ішпесекте жүз граммды, Алайда тонналап, тауысамыз сыраны.
Менің көзжасымды көрген сен ғана, Өсекті қатырамыз оңашада қалғанда. Ха, сүйген қыздарымызды жамандап, Болашақ қадамдарды жоспарлап сыра ұрттап.
Мен саған қарыздармын мәңгі, Руымыз бөлек болсада таптым туысқанды. Ойланбай сенің жолыңда құрбан етемін, Қанымыз бір туысқандарымның жүздегенін.