Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ШYNGYS |Турар Куатбек| - 8 наурыз [feat. TruMan] |handsome.kz@inbox.ru| | Текст песни

8 наурыз

Қандай қатал тағдыр-ай,
Бақыт ұшты сағымдай.
Болғаным-ай сормаңдай,
Ақиқатты танымай.
Сені күнге баладым,
Сені айға баладым.
Cезімімді жырладым,
Бірақ бағаламадың.
Сен менен алыстадың,
Сен мені қаламадың.
Жүректі жараладың,
Бар ма енді амалым?
Наурыз айдың сегізі,
Бүгін жүрек езілді.
Жүрегімнің көз жасы,
Қара жерге төгілді.

Қайырмасы:
Тұрмын сенің аулаңда,
Бір букет гүл қолымда.
Бірақта сен шықпадың,
Қылығыңды ұқпадым.
Қолымдағы гүлдерді,
Терезеңе қыстырдым.
Наурыз айдың сегізін,
Енді мен жек көремін.

Сегізінші наурыз келіп қалыпты ғой,
Осы күні менің жүрегімде той.
Себебі бүгін көремін аяулымды,
Сыйлаймын гүлдерді, оған жүрегімді.

Терезеңе қарап, мен тұрмын аулада,
Қобалжып, жалтақтап жан-жағыма.
Қасымдағы достарым тұр мені қолпаштап,
Ал мен... терезеңе қарап...

Тұрмын аулада қолымда раушан гүл,
Мен үшін қуанышты күндердің бірі бұл.
Алайда, бірақ сен шықпадың,
Бұл қылығыңды жаным-ау ұға алмадым.

Сыйлығымды, гүлдерді терезеңе қыстырдым,
Күрсіндім де... кетіп қалдым.
Бірақта үміттене артыма қарадым,
Бәрібір, бәрібір, сені көре алмадым.


ШYNGYS |Турар Куатбек| еще тексты


Другие названия этого текста
  • ШYNGYS - 8 наурыз [feat. TruMan] (0)
  • ШYNGYS |Турар Куатбек| - 8 наурыз [feat. TruMan] |handsome.kz@inbox.ru| (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1