Көзіңнің мөлдірін-ай. Барады аулым көшіп Қызылжарға, Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай. Осы әнге тамылжытып сала берем, Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Қайырмасы: Құландай жүйрік майда жал-ай, бар ма екен біздей ынтызар-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Не алды қарайғанда қамыс қалды Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс қалған қарай-қарай Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай
қ-сы
Ұшады аққу көлден қайраңдаған Дариға, өткен өмір айналмаған, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылда алыс калған, қимас қалқа Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.