Кездессем нұрлана қараймын
Асаудай тулайды жас жүрек
Мен сенi жаныма балаймын
Сен үшiн менде бар бiр тiлек 2
Сенi артық көремiн басқадан
Сүйем деп айтуға жасқанам
Жеткiзе алар ма жүректiң
Жан сырын, жас сырын жас қалам 2
Есiмде алғашқы сауық кеш
Ләззаттың тағдырын өзiң шеш
Ләйлiден айрылған Мәжнүндей
Дәл қазiр менде жоқ ақыл ес 2
Әлде бiр бар шығар сүйгенiң
Тәкаппар менсiнбей жүргенiң
Оны – зор, менi – қор санасаң
Мейрiмсiз соққаны жүректiң 2
Мен сенi жаныма балаймын
Сен үшiн менде бар бiр тiлек 2
Сен үшiн менде бар бiр тiлек
Шаба еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2