Сарынның басы сар дала үкі-ау,
Сауыққа шығар бозбала үкі-ау.
Үйде де туып түзде өскен құрбым,
Күні де құрсын қызбала үкі-ау.
Айтайын бастап сарынды укі-ау,
Жүдетпе жылап жанынды үкі-ау.
Әкең ұл болған, шешең қыз құрбым,
Солардан қалған сарын бұл үкі-ау.
1. Қызымыздың аяулы, бақытын тілеп баянды,
Шақырады шаттыққа көпті күткен той аулы.
Аа-а-а-һһһ-о-о-о-у....
Қиналамын, қимағаным, бақытыңа иланамын,
Байлығымсың, ай күнімсің, бақытты бол-ай қайғы-мұңсыз.
Қ-сы:
Түндігімнен күн көрінбек, қол ұстасып бір жүріңдер,
Жүзіп шықтың аққу болып, үзіп шығып-ай кіндігімнен.
Аа-аааа-ааа-аа-аа-а....м-ммм-ммм-мм-м..
2. Керегесін керейік, өрісің жүрсін кеңейіп,
Қанатын қақсын қалықтап, ұзатып қолдан берейік.
Аа-а-а-һһһ-о-о-о-у....
Қиналамын, қимағаным, бақытыңа иланамын,
Байлығымсың, ай күнімсің, бақытты бол-ай қайғы-мұңсыз.
Қ-сы:
Түндігімнен күн көрінбек, қол ұстасып бір жүріңдер,
Жүзіп шықтың аққу болып, үзіп шығып-ай кіндігімнен. 2 рет.
Шаба еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2