Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шабденова - Қош махаббат | Текст песни

Бақытты бол жаным менің асыл арманым,
Сен арқылы сезермін махаббаттың бал дәмін.
Мен сені сағынамын бірақ амалым жоқ,
Тәкаппар мінезіңмен жүрекке қададың оқ.
Мен сені сүйдім жаным сөзіңде тұра алмадың,
Арадағы сезімді неге сақтай алмадың?
Сен мені қанша алдадың? Сонда да көніп келем,
Дегенмен, амал қанша? Қош енді махаббатым!

Қош енді махаббатым қош бол мәңгілікке,
Жазылмас жара салдың жаралы жүрекке.
Ұмыта алмаймын сені бірақ енді амал қанша?
Бізді тағдыр қоспады сен мені кінәлама.
Күндерім өтті талай сені ойлаумен жаным,
Түндерім өтті талай ұйқысыз атты таңым.
Қашан да ұмтыламын қолым жетпейді өзіңе,
Үзілген үмітімді қайта жалғау мүмкін бе?
Көңілге дақ түсірді махаббаттың таза ары,
Ауады сен жаққа анда-санда ойдың бәрі.
Бағалай алмадым маған деген сезіміңді,
Есіме жиі аламын қуанышты кездерімді.
Азапқа салмашы мен үшін жаныңды,
Мүмкін табасың, өзге жаннан бақытыңды.
Күдеріңді үзбе, өмірің әлі алда,
Ал жарайды қош бол! Сен мені ұмытпа!

Бақытты бол жаным менің асыл арманым,
Сен арқылы сезермін махаббаттың бал дәмін.
Мен сені сағынамын бірақ амалым жоқ,
Тәкаппар мінезіңмен жүрекке қададың оқ.
Мен сені сүйдім жаным сөзіңде тұра алмадың,
Арадағы сезімді неге сақтай алмадың?
Сен мені қанша алдадың? Сонда да көніп келем,
Дегенмен амал қанша? Қош енді махаббатым.

Айтпақшы тоқта жаным саған сұрағым бар,
Жүрекпен сүйе алмайды неліктен адамдар?
Махаббат ойыншық емес білесің өзің де,
Өкінемін әлі іс жасаған ісіме.
Алайда қазір сенің шынында сүйгенің бар,
Уақыт өте келе маған да табылар.
Орныңды сенің енді сірә ешкім баса алмайды,
Өзге жан иесі сенен әрі аса алмайды.
Тек қана сен болушы ең жан дүниемді түсінетін,
Өткен күнді ойлап қазір қатты күрсінемін.
Жүректің жарасы сыздатып ауырады,
Махаббаттың мәні мен үшін қалмады.
Ұмытар кез келер сені жаным бір күні,
Қазіргі жағдайым болып тұр менің бір түрлі.
Сенің сұлу бейнең кетер емес санамнан,
Сенімен бірге болу мен үшін болды арман.

Бақытты бол жаным менің асыл арманым,
Сен арқылы сеземін махаббаттың бал дәмін.
Мен сені сағынамын бірақ амалым жоқ,
Тәкаппар мінезіңмен жүрекке қададың оқ.
Мен сені сүйдім жаным сөзіңде тұра алмадың,
Арадағы сезімді неге сақтай алмадың?
Сен мені қанша алдадың? Сонда да көніп келем,
Дегенмен амал қанша? Қош енді махаббатым.

Бақытты бол жаным менің асыл арманым,
Сен арқылы сеземін махаббаттың бал дәмін.
Мен сені сағынамын бірақ амалым жоқ,
Тәкаппар мінезіңмен жүрекке қададың оқ.
Мен сені сүйдім жаным сөзіңде тұра алмадың,
Арадағы сезімді неге сақтай алмадың?
Сен мені қанша алдадың? Сонда да көніп келем,
Дегенмен амал қанша? Қош енді махаббатым.

Шабденова еще тексты


Другие названия этого текста
  • Сат тобы - Қош махаббат (1)
  • Сәт тобы - Қош махаббат (0)
  • asxat aralbaev - Қош махаббат (0)
  • Сәт тобы - Бақытты бол жаным (0)
  • Эля Ким - Қош махаббат (0)
  • Сат тобы - Кош махаббат (0)
  • Шабденова - Қош махаббат (0)
  • бакитты бол - жан Укилим (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1