1.Көгілдіріндей аспанның Қайырмасындай жақсы əннің Көктем мен жаңа жылдағы Жаңа жырым боп басталдың Арналған саған сөздерім Көктемдей көріп кезбедім Кірпігін қаққан күлімдеп Көздерің қандай, көздерің Көзіңе күнде кезігіп Сол көзді жиі көремін Сезімді ыстық сезініп Айта алмай саған келемін
Қайырмасы: Сен десе жүрек бұлқынған Көнбесе көңіл сыртылған Сүйемін деуге дəрмен жоқ Ғашықпын жаным сыртыңнан
2.Тамыры терең тілектей Дыбысы соққан жүректей Жаныма қымбат жан едің Төлеген сүйген Жібектей Иықтан түскен бұрымың Бөрімі бір-біріңнің Еліктей ерке мінезді Қылығың тəтті, қылығың