Мен өмірге ғашықпын, білемісің,
Адамдарды сүйемін жүрегі шын,
Қараң қалғыр, жамандық жоғалсыншы
Надандардың жек көрем түгел ісін.
Әділдіктің қалаймын орнағанын,
Жауыздыққа шыдайды зорға жаным,
Өзгертер ем өзгеше болса күшім
Өрге сүйреп өмірдің доңғалағын.
Көріп жүріп талайдың сүрінгенін,
Көңілімнің алай боп бүлінгенін.
Көрмейсің-ау тағдырым, тастан қатты
Жүрегімнің быт-шыт боп үгілгенін.
Ұмытып бәрін соның, бүгін менің
Келеді нәрестедей күлімдегім.
Бар адамға күш сыйлап, жырым менің
Аналарға ұсынар гүлім едің.
Әлсіздердің жығылған жерінде мен,
Жауыздықтан сан мәрте жерінген ем.
Мен өмірдің қожасы болсам егер,
Ізгілікті пендеге тегін берем.
Жылағанды жұбату парыз маған,
Жасасын тек, мәңгілік, жаны ізгі адам,
Жойылсын деп жауыздық жер бетінен
Болашаққа мен бүгін арызданам.
Кешігіп көп нәрседен «аһ» ұрғаным,
Кеудемде күй қып шертіп жатыр бәрін,
Өмірге айта алмаған ақырғы әнін,
Жалғап кетем ұрпаққа, ақындардың.
Мен өмірге ғашықпын, сірә, бөтен,
Өмір, өмір маған да құмар екен,
Жетімдерді жылатпау үшін барлық,
Мен-ақ мейлі мәңгілік жылап өтем.
Дүние ғой бірі артық, бірі кем де,
Жаны жарым жандарды жырым емде,
Жалғанға бұл жазылған жұмбақ болып
Өмірге, мен ғашықпын, шыныменде!!!
// Шарапат Раушанбек - Мен өмірге ғашықпын
Шарапат Раушанбек еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3