Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шейх Әбу Бәкір Әл-Шатири - 65-сүре.Талақ | Текст песни

65 - Талақ сүресі
Мединеде түскен. Он екі аят.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Әй Пайғамбар! Қашан әйелдеріңді талақ қылсаңдар, сонда оларды белгілі мерзімінде ажыратыңдар және о мерзімді есептеңдер. Раббыларың Алладан қорқыңдар. Оларды тйлерінен шығармаңдар әрі олар да шықпасын. Бірақ олар ашық бір арсыздық істесе, ол басқа. Міне бұл Алланың шектері. Ал кім Алланың шектерінен шықса, расында ол, өзіне қастық қылған болады. Білмейсің, мтмкін Алла, бтл уақиғадан кейін бір жагдай пайда қылар. (2-С. 228-234-А.) (1) Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды дұрыстықпен үстаңдар немесе туралықпен ажыратыңдар. Сондай-ақ өздеріңнен екі әділ кісіні айғақ қойыңдар. Куәлікті Алла үшін толық орындандар. Міне осылармен; Аллага, ахирет күніне иман келтіргендер үшін насихат етіледі. Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. (2) Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бүйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойган. (3) Етеккірден қалған әйелдеріңнен күмәндансаңдар, олардың \"ғыддаты\" мерзімі үш ай. Және әдет көрмеген әйелдердің мерзімдері де сондай. Ал және жүкті әйелдердің мерзімдері олар босанганга дейін. Кім Алладан қорықса, оның ісіне оңайлық жасайды. (4) Міне осы, Алланың сендерге түсірген бүйрықтары. Кім Алладан қорықса, оның жамандығын жояды да сауабын зорайтады. (5) (Ажырасып, мерзім күткен) әйелдерді шамаларың келгенінше, тйлеріңде түрғызыңдар. Оларға зорлау тшін ттрткі салмаңдар. Егер олар жүкті әйелдер болса, сонда оларға босанганга дейін нафақа беріңдер. Егер ажыраған әйелдер, сендер үшін бала емзірсе, сонда олардың жалақыларын беріңдер. Өзара дүрыстықпен ақылдасыңдар. Егер (ер аз беріп, әйел көп тілеп) бір-біріңе ауырлық салсаңдар, баланы басқа әйел емзіруге болады. (6) Кеңшілік иесі бай кісі; өзіне Алланың бергені бойынша нафақа берсін. Алла біреуге оған бергенінен артық жүктемейді. Алла, ауыршылықтан кейін жеңілдік береді. (7) Қаншалаған кент Раббыларының және елшілерінің әмірінен бас тартты. Сонда оларды қатаң түрде есепке тартып, өздерін жаман азаппен қинағанбыз. (8) Сонда өз істегендерінің сазайын татты. Негізінен олардың істерінің соңы зиян. (9) Алла оларға қатты азап әзірлеген. Әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар. Иман келтіргендер, Алла сендерге бір зікір (Қүран) түсірді. (10) Сондай иман келтіріп, жақсы ғамал істегендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін Алла сендерге аяттарын оқитын бір Елші жіберді. Кім Аллаға иман келтіріп, жақсы ғамал істесе, Алла, оны астарынан өзендер агатын әрі онда мәңгі қалатын үжмақтарға кіргізеді. Расында Алла, оган нендей көркем несібе берді. (11) Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан. Күмәнсыз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерің үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп түрады. Сондай-ақ Алланың білімі әр нәрсені ішіне алады. (12)


Шейх Әбу Бәкір Әл-Шатири еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1