Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ - Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек | Текст песни

Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек,
Бұған – ұйқасты өлең, сөз керек,
Өзіне орайлы.
Денең
жан нұрлы болса жөнделмек,
Өлең
әнге өлшеп айтса өңделмек,
Ұйқасқа қолайлы.

Ән өлшеуіш, өлең күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық алу, не кем салу,
Қапы қалу жарамас.

Қайран
Қайғысыз, қамсыз күндерім,
Сайран
Сауықты рақат түндерім,
Сендерден не пайда?!
Асқан
Алпыстан мынау жасымыз,
Қашқан
Шалдыққан ғаріп басымыз,
Қаласың қай сайда?


ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4