Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шәмші Қалдаяқов (Ақбота Керімбекова) - Қыз сағынышы | Текст песни

ҚЫЗ САҒЫНЫШЫ
Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі

Шыға келсең алдымнан күліп тағы,
Атпас па еді жадырап үміт таңы.
Тамылжыған сыры мол айлы түнді
Сүйген жүрек қалайша ұмытады,
Сүйген жар.

Қайырмасы:
Сыбырлайды жасыл бақ,
Жоқсың бірақ, қасымда,
Сағындым жайдары күлкіңді,
Сағындым, сүйген жар, сол түнді.

Алыстасың, аяулы аңсағаным,
Сағыныштан жабырқап ән саламын.
Көңілімнің күні боп келсең, сәулем,
Көктемнің гүлі боп қарсы аламын,
Сүйген жар.

Қайырмасы.


Другие названия этого текста
  • Ақбота Керімбекова - Қыз сағынышы (0)
  • Шәмші Қалдаяқов (Ақбота Керімбекова) - Қыз сағынышы (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-