Ақ маңдайлым
Әнің Жазған: Шәмші Қалдаяқов, Сөзің жазған: Мұзафар Әлімбаев
Көк майса Алатаудың бөктерінде,
Гүл тердік жастық шақтың көктемінде.
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,
Қолымды жеткізгендей көкте күнге.
Қайырмасы:
Айналдым, ақ маңдайлым,
Ақылдым, бал таңдайлым.
Жалынды жас дәуренде,
Ұялма "жан сәулем" де.
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші,
Жадырашы, назданшы, еркелеші.
"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
Өзгеге өзін қимас өр көңілім,
Лебіңмен қорғасындай балқып еді.
Қайырмасы:
"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
"Сіз" деген салқын сөзден қорқамын ғой,
"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді.
Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1