Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) - Тамды ару (Інжу) | Текст песни

Сөзі Қадыр Мырзалиевтікі

Жамалың жас көктемнің жамалындай,.
Жүрегің махаббаттың қамалындай.
Тамдының тамылжыған әнші аруы,
Лебізің таңның уыз самалындай, еркем-ай.

Қайырмасы:
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.

Сені ойлап құлазыған құла құмдай,
Заулайды қиял қырдың құланындай.
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,
Сол жердің мың бірінші бұлағындай.

Қайырмасы.

Ілінген ғашықтықтың құрығына,
Әнімді құрбан еттім ырымына.
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші,
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа.

Қайырмасы.



Другие названия этого текста
  • Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) - Тамды аруы (Гүлмира Ақүрпекова) (1)
  • Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) - Тамды ару (Інжу) (1)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-