Кинодағы қыздарға еліктеме,
Басқаларға жаным-ау ерікпе де.
Сен керексін жүрекке жылап жатқан,
Сені ойлап сенсең сен таңым атқан.
Ойбай жаным кешірші айыптымын,
Артық жүкпен аударды қайықты мұң.
Есім кірмес күйге енем көрсем сені,
Не болсада біле жүр сүйем сені.
Алматыға барғанда шықпап едің,
Өкпе жатыр жүректе сенсің емім.
Ойым мені батырып тұншықтырды,
Шығуыма көмектес жын құтырды.
Мейлі мені сүй әлде сүйме жаным,
Айыптымын ашуға қызды қаным.
Көрген кезде гүл берем әперемін,
Деп барсам неге мені кері итердің.
Моншақтап ағуда су көздерімнен,
Оңай болса сүймеймба өзгені мен.
Жүрек мына кеудемде мені құртты,
Мазалады мен жоқта ел мен жұртты.
Кет деме білмей жатып тағдырымды,
Сенсеніз сүйгем айтпай жаста қызды.
Алты жыл айтам деумен айталмадым,
Ішімнен өкпеледім айқайладым.
Жазылды ескі жара қуанып ем,
Ойландым жалғастырып бұл әнді мен.
Тағы да айтам мені кешір Құндыз,
Тырнама секілді боп көрші Жұлдыз.
Құндыз:
Кешірмесең түсінем танымайсың,
Не керек бұған менен тағы ойлайсың.
Кеше ғана көрмеді сүйе салды,
Атырыпты айтуынша ойлап таңды.
Мен білсең ойыншық емес қызбын сұлу,
Қаласаң жаурап қалсаң берер жылу.
Кетші әрі жігітім болды жетер,
Мазалама өтінем мені бекер.
Хабарласып сәлемде бере алмайсың,
Неге жазып мақтау мен мені алдайсың.
Басқа қыздар барғой бақыт тілейм саған,
Ғалам үлкен менен екі берер бағам.
Шокан еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1