Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шохан - Кім ойлапты | Текст песни

Қандай керемет еді сол бір кездер баяғы,
Түсіме кірсе олар қунышпен оянамын.
Қайтадан оралмайды әттең уақытқа тігес,
Тек қана түсімдесің қайран достығым елес.
Сен енді жоқсың Руслан сен қаза таптың,
Шетелде оқып жүріп ...... Кім ойлапты.
Бояуларың қызыл қанға жұдырығы қазақтың,
5 қазақ жабылып қазаққа айналып мазаққа.
Бауырым Русик сен өте батыл жігіт ең,
Жалғыз өзің төтеп бердің бесеуіне тентектің.
Қайдан білдің олардың сені кастетпен ұрарын,
Нағыз жігіт жұдырықпен ал олар қатындар ғой.
Шиі бөрідей жабылған соң сенде амал барма еді,
Әттең достарыңның жәрдемі дер кезінде келмеді.
Басыңа зақым тиді о дүниеге аттандың,
Қате екеніңді жасқанып болса Жаратқанның.
Жазылмас жараны таңудың керегі шамалы,
Жадымды жеп барады жас қала ызғарлы самалы.
Сенсіз бауыр мәңгіге мұң қалды мұнда қамалып,
Бұл қала жеке мен үшін енді болды қаралы.

Сен енді жоқсың Руслан сен қаза таптың,
Чехияда оқып жүріп қолдарынан қазақтың.
Кім ойлапты олардың жазасыз қалуын,
Әділетсіздік солай тікті бұл жерге жалауын.
Сен енді жоқсың бірақ жүрегімде барсың,
Жаратқаннан тілейтінім сені жарылқассын.
Ұмытпаспын әрбір қазақ баласын,
Бірлік болмай тірлік болмас құр жоғаларсың.

Өтуде күндер аңсаумен өзіңді бауыр,
Мені жей береді қайғы көңілімдегі ауыр.
Соңғы жүздесу әуежайдағы ғимарат еді,
Шығарып салдық тұтатып достық алауын.
Кім ойлапты сенің тірі оралмайтыныңды,
Сол әуежайда мұңды күтіп алдық мәйітіңді.
Туысқан жора-жолдас жерледі сені мәңгіге,
Бекібай Руслан жоқ енді бұл әлемде.
Әділетсіздік қамаудан құтқарды бәрін,
Бесеуінің екеуін Жандос мен Думанды.
Мемлекет жасырын ұстады нағыз қылмыстың өзін,
Ақиқат орнамады куәгер болсада көзді.
Сыртқы істер министірлігі сыртынан қана қарады.
Қылмыстық дәлел болсада неге істі жабады?
Ана ксеросектордің қай жерлерге бармады?
Баласынан айырған Ананы қай жан тыңдады.
Кім енді жазалайды Алладан басқа оларды,
Ұйалсын осында бала өсірген ата-аналар.
Есімізде сақтайық Жандос пен Думан,
Осы екеуі кінәлі ал олар жазаланбады.

Сен енді жоқсың Руслан сен қаза таптың,
Чехияда оқып жүріп қолдарынан қазақтың.
Кім ойлапты олардың жазасыз қалуын,
Әділетсіздік солай тікті бұл жерге жалауын.
Сен енді жоқсың бірақ жүрегімде барсың,
Жаратқаннан тілейтінім сені жарылқассын.
Ұмытпаспын әрбір қазақ баласын,
Бірлік болмай тірлік болмас құр жоғаларсың.

Жазған:Тұрғанбай Балтабек

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -