Жаратқан жан бермесе денемізге Өмірге жаратылып келеміз бе?! Төменге жерді төсеп, ауа сыйлап Ай мен Күн, жұлдыз ілді төбемізге Осыларды коре тұрып Бір Өзіңе сене тұрып Шүкірлік етпейміз біз неге?!
Жүректерге иман таратқан Өзің Құбылаға бетті қаратқан Өзің Жаза көрші сауаптан Өзің Аузымызды аққа тигізген Өзің Адал ұрпақ сүйгізген Өзің Әсем киім кигізген де Өзің Осыларды біле тұрып Шын жүректен сұрай тұрып Құлшылық етпейміз біз неге?