Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шынгысхан Есет - Қадірменді, Қадірлім..(Тлеген Али) | Текст песни

...Қадірменді, Қадірлім...

Көз алдымнан кетпейді күнде елесің,
Түндерде де жүресің, түсімде Сен!
Әр сәт сайын жаныма мұң бересің,
Қайтем соны Жарығым, түсінбесең?!

Қайран көңіл қайғырып, ән салатын,
Ақ жүзіңді көре алмай бұл қаладан...
Сені "Муза" қылса да қаншама Ақын,
Бірақ шексіз сүйеді бір ғана адам!

Әттең соны ұқпайтын, Сен ғанасың,
Сен ғанасың жанымды азаптаған!
"Кешіре гөр Ұлыңды, енді Анашым,
Қыз алдында болмайды, мазақ балаң"

Жетер осы, көрсетем қырсық қылық!
Енді қайтып бармаймын болды, бітті.
Сезімімді кеудемде тұншықтырып,
Табаныма таптаймын сорлы Үмітті!

Жан табылар Әлемде, бізді ұғатын,
Махаббатта табылар, Сізден күшті...
Жаз-жанымды жауратып, мұз қылатын,
Енді мәңгі жек көрем, Қыз бен Қысты!!!

Көңілімді қалдырып мына ақпанға,
Жүрегімнің тұсынан тағы ұрдың-ау.
Қабірімді құшақтап жылап қалма,
Қадірімді білмейтін, Қадірлім-ау!!!

Шынгысхан Есет еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2