Қалайсың, ардақтым?.. Қалайсың, жаным?.. Ұмытпадың... Ұмытпайсың... Оны білемін.
Қалайсың, ардақтым, қалайсың, жаным менің, Ұмытпадың, ұмытпайсың, оны білемін. Қалай жүрегің, таптың ба оның емін, Сол себепті күнде түстеріңе кеп енемін. Еріннің жылуы, жиілеген демің, Ыстық еді құшағың, әліге дейін сеземін. Сеземін иісіңді, денеме сіңгендей ме, Бейнең елестейді кейде. Мейлі, қоя берші мені, сол баяғымын, Өзгермеймін, өзгертпейді де, баяғымын. Сенде қалай, күнім, хат жазшы бір жапырақ, Сағыныш басылар емес, өшуде қаттырақ. Жел соқты қаттырақ, жауынның астында қалып, Бір ғана қолшатыр, сенің үстіңе жауып. Жалаңаяқ кешкенің жаңбырдың көлшіктерін, Ауырасың дегенім, саған салқын тигені есіңде ме?
Қ-сы: Хат жазып тұр, хат жазып тұр, Өткен өмір, өткен шақты еске алып бір. Хабарласпа, хат жазып тұр, Сүйген жүрек, сүйген жандардың мұңы бір.
Есіңе ал мені айлы түннің кешінде, Есіңе ал мені күзгі бақтың ішінде. Есіңе ал мені, көрсең бақытты жандарды, Өзің жалғыз атырған қайтесің таңдарды? Есіңе ал нөсерлетіп жауын жауғанда, Есіңе ал мені жападан жалғыз қалғанда. Бір жапырақ қағаз алшы сонда қолыңа, Мекен-жай баяғы, маған хат жолда.
Есіңде ме біздің ұрыс, біздің бітпейтін жанжал, Сезімдер қирауда, сілкініш, қалады тоғыспау. Екеуміздің Атлантида су астына кеткенде, Ұзақ соққан әлемнің ақырына кеп жеткенде. Біз жайлы қалды аңыз тарихтың келбетіндей, Екеуміздің әлем жоқ, енді бір жер бетіндей. Қалғаны тыныштық, тыныштық, Тыныштық, тыныштық... Көзіңді жұм, сезесің бе желдің демін, Көрінбейді көзге, осы менің сүйгенім. Махаббат көрінбейді көзге, тек сеземін, Сезімім өзіме жау, одан беземін.
Қ-сы: (х2) Хат жазып тұр, хат жазып тұр, Өткен өмір, өткен шақты еске алып бір. Хабарласпа, хат жазып тұр, Сүйген жүрек, сүйген жандардың мұңы бір.