Сөздің басы Бісміллә Әмірі Хақтың сірәдан Алласы кетіп аузынан Әз әзіл шайтан бұл азған Күллі кәрім Құраннан Зижәтиль мәлә күлмәуіттің Хадисін тұтқан бұл адам
Қалыбынан қайғы асса Ұшқындап шығар заманнан Ашу бөрі ақыл қой Араласпағын жүр алман
Көз таразы көңіл хәм Әмірін екі қыла алман Шерлі жүрек жел төкпей Желпінбей шықпас құмардан
Тәуекел етсем жарасар Жан жаратқан Аллаға Пенделік қиял ойладым Басымды топқа салғанда
Шікірәсі біз кімнің Бір күні бізде өлерміз Атамыз Қорқыт сақтанып қала алмаптай олдағы Қырық жыл қашып далада
Жүніс атам қарқ болған Неше жыл жүріп дарияда Алла ісіне шара жоқ Ұл берген нұрдан Марияға Ғайсадайын ұл туып Жұмақтан орын тұтылған Заманнан заман озғалы Тек жалғыз ақ сол дейді ай Өлімнен тірі құтылған Таба алмадым басқа жан Дүниенің шарлап бұрышынан
Ақылы бар жігіттер Шайтанның сақтан құлқынан Адам болып біз жүрміз Атамыз Сафи адамнан
Он сегіз мың ғаламның Нәсібі жерге шашылған Бір Алла деп сөйлесе Ер талабы ай ашылған
Тәуекелсіз тәубесіз Ер қырсыққа шатылған Ойласаң бақи қызыл гүл Бұл фәниде мен бұлбұл Сазына қарай шақырған
Ойласаң дүние бәйтерек Біз бір қонған бозторғай Бұтағында асылған Жан барында кеудемде Байқадым менде шарқымнан Атамыз Адам жаралған топырақтың зарпынан
Айырларсың жинаған Пайдасыз жиған малыңнан Жалғанның мынау нарқынан Кәләмның анау төрт қарпі Әзіреті Ғали аршылған Күшім көп деп олдағы Көтерем деп талпынған
Ақылға салып ойласаң Сол жақсының бірі жоқ Бақиға көшіп таусылған Таусылды деп өкінбе Алласы нұрмен қаусырған Көрерсің Хақтың дидарын Кір жұқпаса діліңе Адал болсаң дініңе Жұмыртқадай аршылған Жаббар Хаққа ұнайсың Зікір айтып зарласаң Жамағатқа ұнайсың Пікір айтып барласаң Одан өткен амал жоқ Шартарапты шарласаң Осыларға бекем бол Ахиретті қамдасаң
Мәдинада Мұхаммед Түркістанда Қожа Ахмет Маңғыстауда Пір Бекет Соларда сұра нанбасаң