Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Яссауи тобы - Иман ізде | Текст песни

Ән болама көңілде алқадан соң
Сән болама кебінде қамқадан соң
Оралыңның барында иман ізде
Шамаң келмес базарың тарқаған соң

қ-сы
ахау Бозжорғаның сүргіні ай
Өтер дәурен бір күні ай
ахау Күйдің қоңыр күмбірі ай
Бұлбұл ұщар бұл күні ай

Керуенбіз сабылған сапардағы
Жарасады құбанар қатардағы
Ғамал қылып Тәңірге қартаймасаң
Қу мазардай құларсың жапандағы

қ-сы

Иман бер деп тілеймін Жаббар хақтан
Біз бейшара күнәға белден батқан
Күнәмізді Құдайым ғафу еткей
Айдалған күн соңыра ғарасаттан

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-