Өзіңе аян, Хақ Тәңірім,
Сенен өзге кімім бар?
Бірсің, Барсың - сақта құлың
Сенен өзге кімім бар?
Сенсіз қайда кете алармын,
Кім тыңдайды мұңымды, ал?
Немен тірлік ете алармын,
Сенен өзге кімім бар?
Бір өзіңсің - табынарым,
Мақсат - осы,шыным - дәл.
Нұр себелер жаныма кім,
Сенен өзге кімім бар?
Сенсің қуат Тәнімдегі,
Сенде - сырым ділім бар.
Саған жалғар жаным мені,
Сенен өзге кімім бар?
Жерде барсың үңілсем мен,
Көктен құйдың нұрыңды, ал.
Алдымдасың - жүгінсем мен,
Сенен өзге кімім бар?
Қай кезде де - көзімдесің,
« Сен! » - дегенде тілім - бал.
Сөзімдесің - өзімдесің,
Сенен өзге кімім бар?
Пайғамбарға дұға қылсаң,
Шапағатын ұғыңдар.
« Қабыл ет! » - деп жыладым сан,
Сенен өзге кімім бар?
Жан - дұғамды қабыл қыл - ғын,
Санамдағы жүгімді ал.
Көз жасыма шомылдырдың,
Сенен өзге кімім бар?
Мен нәпсімді өлік қылдым,
Тілім - шырын, үнім - нәр.
Дәргейіңе келіп тұрмын,
Сенен өзге кімім бар?
Яссауи тобы еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2