Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Яссауи тобы - Ұстын туралы | Текст песни и Перевод на русский

Хақ Расулы Мұхаммед
Мәдинаға барғанда
Барлық ансар жүрегін
Сары алтынға малғанда
Пәруанадай кимелеп
Үймелеген шамдалға
Ұстын тіреп шаңыраққа
Расул үйін салғанда
Уағыз айтып халқына
Тілден мың сан күй өніп
Сол ұстынға Пайғамбар
Түратын-ды сүйеніп

Жәрдем қылып ансарлар
Мінбар жасап кейіннен
Шықты соған Пайғамбар
Насихаттық пейілмен
Пайғамбардан ажырап
Қалғанына шегініп
Ұстын ағаш жылайтын
Адам құсап егіліп

Уағыз тыңдап жылаған
Ағаш жайын аңғарып
"Бұл қалай"-деп сұрасты
Саһабалар таң қалып
Түсті сонда ағашқа
Пайғамбардың шырағы
"Неге жылап тұрсың сен?
Ей, ұстын"-деп сұрады
"Іші-бауырым қан болды
Сіз кеткелі жанымнан
Күл болатын түрім бар
Жанды өртеген жалыннан
Сізге ғана зарланғам
Ей, жаһанның жан-нұры
Сізге ғана жалғанған
Барша ғалам тағдыры
Тұрушы едіңіз сүйеніп
Мен сияқты мұндарға
Мені тастап кеттіңіз
Шықтыңыз да мінбарға"

Айтты сонда Расул:
"Шықтың шындық шыңына
Бақыт жолдас болыпты
Шын құпия сырыңа
Ей, бақыттың иесі
Болсын сенің тілегің
Екі жол тұр алдыңда
Таңда, кәні, біреуін
Бірі фәни дүниеде
Жасыл желек жамылып
Бар тіршілік жетеді
Жемісіңді сағынып
Екіншісі жәннәтта
Дәмің тілді үйіріп
Дарақ болып тұрасың
Бұтақтарың иіліп"
Ұстын сонда зар етті
Мас қып щаттық шарабы:
"Болайын,-деп, мәңгілік
Ақыреттің дарағы"

Ғафыл қалма, біл, таны
Ей, адамның ұрпағы
Кемсің ба осы ағаштан?
Айналаңнан сыр таны
Бақи үшін, көрдің ғой
Фәни бақты қиғанын
Ұқ та, өзің салмақта
Жаратқанның сыйларын
Жансыз аңаш зарлайды
Көрсем деп Хақ дидарын
Халифасы құдайдың
Қайда сенің иманың?
Былғанба енді нәжіске
Безін дүние-қоңыздан
Іздемесек құдайды
Неміз адам, неміз жан?
Ғибрат ал шындықтан
Ғибрат ал аңыздан
Зікір ету Алланы
Ғаламдағы ең ізгі ән

Содан кейін Пайғамбар
Ұстынды алып пәк сырлы
Арулады ақ жуып
Жер қойнына тапсырды
Жерледі оны адамша
Сырын соқыр таныр ма?
Тұру үшін тіріліп қияметтің таңында
Бұрып егер назарын жарылқар да кімді Алла
Дүниенің кірімен әсте сені былғар ма?
Ақыреттің ләззаты енші саған, ұқ мұны
Хаққа жетсең дүниенің бола алмайсың тұтқыны

Байлық іздеп ұлыған құтқар дүние құлынан
Үлес алу хас бақыт ұлық Алла сырынан
Жүрек көзі көр соқыр жайы мәлім міскіннің
Ертегі деп ойлайды жылағанын ұстынның
Ал кейбірі көлгірсір сенген болып, сезген боп
Айтпасын деп өзін жұрт бұл құдайдан безген деп
Сансыз шүкір Аллаға шынымды айтсам өз басым
Шырақ қылдым жолыма ұстындардың көз жасын


Яссауи тобы еще тексты


Перевод Translate.vc



Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2