Ей, асылым, білесің бе? Сен алысқа кеткенде, Әлсін-әлсін барып тұрдым сен жүретін көк белге. Білесің бе? Есіңде ме? Елегізіп көктемде, Ұзақ-ұзақ қараушы ең ғой ұзақтағы бөктерге.
Кешікпей-ақ көрем деп ең, Келем деп ең жуырда. Елеңдеп ем... Бекер екен, тек жұбату - мұның да. Міне - көктем, әне - сағым,
Әлдеқалай ақша бұлттан, Құлап түсті бір тамшы! Ей, асылым! Аңсадым ғой, елге мойын бұрсаңшы? Тәңірімдей табындырып, Қарсы алдымда тұрсаңшы? ...Анда-санда аударылып, ағып түсіп бір тамшы, Саған қарай барады ұшып орамалым бір шаршы.