Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

™҈╬♣҈Ā҉҉1҉₭҈OSHA♣҈╬™ - Үмітің үзілмесін | Текст песни

Қиялдап отыр едім, қияға кеттің алыс,
Бірге едік кеше біздер, ал бүгін отырмын жалғыз.
Болсын деп бәрі жақсы, жанымды жалын басты,
Өмірдің сәні кетіп, қалай ғана мәні қашты.
Соңғы кездері қоңырау шалсам да алмайтының,
Жолдаған хатыма да жауабыңды жазбайтының.
Үміттің болмайтынын, бақыттың балдай гүлін,
Өзіңнің құшағыңда білуші едім солмайтынын.
Сағынып сені, күзде жапырақ, жүрек сарғайды,
Көңілім құс боп ұшып, үмітім көкке самғайды.
Күн өтер байқайлмайды, өткендер қайтармайды,
Тек көңілімнен кетер емес жойылып бұл қайғы.
Бұл тағдыр қалауы ма, азаптың жолымекен,
Сен жылуда бол, ал мен аязда тоңып отем.
Бәйтерек болып Астанада жолымды күзетіп,
Арайлы Алматыдан өзіңді іздеп шолып өтем.

Сезімім ақтарылды, жан сырымды ұғыншы сен, ән жырымды,
Ғашығым жанымды көлдетесің, шөлдетесің, тәтті оймен тербетесің.

Осылай күн өтеді, әр күнім бір ертегі,
Жауынмен араласып көңілімді түнертеді.
Жанымды мың өртеді, өзгелер күлер тегі,
Әттең арулар осы жігіт жайын білер ме еді.
Ұнатсаң сүйдім дейді, жылатсаң күйдім дейді,
Махаббат қиындықсыз ешкімді де сүйдірмейді.
Басында күнім дейді, соңында тілімдейді,
Бұл махаббат шын ғашық екеніңді білдірмейді.
Отырмын өзіңді аңсап жанарыңды елеске салып,
Жаныма жабырқаулы жанымау келмесің анық,
Жанымды бір жылатып, мұздатып бір суытып.
Аласың от кеудемнен жан-тәнімді мың суырып,
Махаббат күю деген, шектелмес суюменен,
Бағала деген ұлы Абайдың сөзін түю деген.
Байқасам осындай да, бақытың таусылмайды,
Шын ғашық бірін-бірі бағаламай қосылмайды.

Сезімім ақтарылды, жан сырымды ұғыншы сен, ән жырымды,
Ғашығым жанымды көлдетесің, шөлдетесің, тәтті оймен тербетесің.

Кім білсін әр атқан таңда мені ойлап көз ілмейсің,
Сен менің жанарымда тұңғиық көзімдейсің.
Сен менің айта тұғын әр әнімнің сөзіндейсің,
Сен менің жадымда киялымда үзіндейсің.
Ешқашан өміріңде нәзік жаның езілмесін,
Жанарыңнан жабырқаған тамшы жас төгілмесін.
Ақ жарқын көңіліңе еш қаяу түсірмесін,
Ең бастысы, үмітің үзілмесін!!!

Асылым, Сезімім ақтарылды, жан сырымды ұғыншы сен, ән жырымды,
Ғашығым жанымды көлдетесің шөлдетесің, тәтті оймен тербетесің.


™҈╬♣҈Ā҉҉1҉₭҈OSHA♣҈╬™ еще тексты


Другие названия этого текста
  • Айқын Төлепберген - Үмітің үзілмесін (1)
  • Айкын - Үмітің үзілмесін (0)
  • ™҈╬♣҈Ā҉҉1҉₭҈OSHA♣҈╬™ - Үмітің үзілмесін (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1