Күтіп отырсың әлі мені, Мен саған қымбат жанмын Әлемдегі. Кішкентай бала емеспіз сенетін ертегіге, Дәл маған секілді сен оған еркелеме! Қызғаныш дегенің мықты, Тіпті мен сияқты тәкәппарды жықты. Жүректі тесіп, жоғарғы қысымға бір-ақ көтерді, Қарайлап суретіне сен армандаған пәтердің. Айналада сен - елес боласың күнде, Сен білесің бе? Бізде бәрі бітті, бұл киноның соңы! Сенің алдыңда менің кінәмнің саны басымдырақ, Сен емес мен сөндірген сол шырақты. Емеспін тұрақты, армандарды қираттым, Сондықтан айт маған ақиқатты.
қ/сы: Жүрегіңде бар сенің орын маған, Саусағыңа нәзік жүзік тағылмаған. Жүрегім сенсіз бақыттым соғылмаған, Үлгерем, қайтарам сені!
Күтіп отырсың әлі мені, Мен саған қымбат жанмын Әлемдегі. Кішкентай бала емеспіз сенетін ертегіге, Дәл маған секілді сен оған еркелеме! Оған деген сезімің, пайда болмай тұрып, Соңғы мүмкіндік бер, кетпесін құрып. Жасанды махаббат, әкелмейді шапағат, Білемін бес саусақтай сені болмайсың қанағат. Қолымнан көп нәрсе келмейді менің, Және сен осыны маған дәлелдедің. Сөз беремін - өзгеремін! Сәтті, сәтсіз сәттер бізді қоршап келді, Пенде болған соң біз тоқтата алмаймыз желді. Енді соған көну керек бастысы бір қайықта болып, Ертең-ақ біздің қатар қалады толып. Өзімшіл енді орындайды сенің барлық арманыңды, Қолынан келгенше жасайды жағдайыңды. Кешірімді болайық үнемі бір-бірімізге Себебі, сеземін жаным...
қ/сы: Жүрегіңде бар сенің орын маған, Саусағыңа нәзік жүзік тағылмаған. Жүрегім сенсіз бақыттым соғылмаған, Үлгерем, қайтарам...
Жүрегіңде бар сенің орын маған, Саусағыңа нәзік жүзік тағылмаған. Жүрегім сенсіз бақыттым соғылмаған, Үлгерем, қайтарам сені!