Қолға қалам алып, жазамын өлең жолдарын. Осы әуенімді, жаным өзіңе арнаймын. Көп күн дауысыңды, естімесем сағынамын. Құшағыма қатты қысып, келеді сені құшақтағым.
Күлімдеші, маған күлкің қатты ұнайды. Сенің сұлу келбетіңді, қараудан жүрек тоймайды. Ұмытпайды, \"сүйем\" деген сөздеріңді. Саябақта қол ұстасып, жүрген бақытты күндерді.
Ұмытайық бір-бірімізге деген, реніштерді. Себебі жоғалтқым келмейт, жалғыз сұлу періштемді. Өткен күндер артта қалды, жаным енді күлімдеші. Әдемі күлкіңмен нұр төгіп, жүректі бір емдеші.
Өзіңнен басқа жандарды жүрек, қаламайды. Мәңгілік бірге болуды, жаным қатты армандайды. Ұмытпайды, тек өзіңді сүйеді. Көзіңдегі жасты сүртіп, жаным күлімдеші енді.
Қ-сы: Мені тыңдашы, күтемін тек сені ғана. Сүйемін деші, жүрекке салмашы жара. Уәде беремін, қарамаймын өзгеге. Тағы тыңдашы, күтемін тек сені ғана.
Күлімдеші, сені жақсы көремін. Өмірімде, сендей қызды көрмедім. Күлімдеген, келбетің қатты ұнайды. Бері қарашы, саған арнайм бұл әуенді.
ORZIK:
Мен сені сүйемін жаным, мен сені сүйем. Армандаған бақытымсың, сенсіз мен өлем. Мен және сен, бұл нағыз махаббат. Деп кейде армандаймын, сегіз әріп жаттап ап.
Білесіңбе сол алғашқы күннен, саған ғашықпын. Жоқ шығар адам, мен сияқты бақытты. Маған деген көзқарасың, өзіңе қарай тартты. Әттең бөлек жандарымыз, сол жүректі қинатты.
Күлімдеген келбетіңді, көргеннен саған ғашықпын. Ғашықпын ерініңе, сол ерінге асықтым. Жүрейікші деп айтуға, менің батылым бармайт. Енді айтайын десем, аузымда бір сөз қалмайт.
Түсінемін, саған әлі оқу керек. Бірақ саған керек шығар, мен сияқты өмірлік серік. Өтінем мені көргенде, бір сәт күлімдеші. Немесе бәрін тастап, тек семен жүрем деші.
Қ-сы: Мені тыңдашы, күтемін тек сені ғана. Сүйемін деші, жүрекке салмашы жара. Уәде беремін, қарамаймын өзгеге. Тағы тыңдашы, күтемін тек сені ғана.
Күлімдеші, сені жақсы көремін. Өмірімде, сендей қызды көрмедім. Күлімдеген, келбетің қатты ұнайды. Бері қарашы, саған арнайм бұл әуенді.