Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi zh Ulan | Remix.kz - Коз жасын комектеспейди | Текст песни

[Көз жасың көмектеспейді]

Көздеріңді мұңға батырған, ұйқысыз таңдарды атырған,
Жүрегіме болмас жұбаныш өткен күндер артта шақырған.
Қалды ма көңілім қажетсіз, өзгеріс орнады себепсіз,
Қиылыспайтын тағдыр екен ғой, бұл ісіне оның не дерсің?

Қ-сы: (х2)
Қанша қиын болса да,
Көзің жасқа толса да,
Қиылыспайтын тағдырды
Өмір, шіркін, қоса ма?

Қаншама түн, қаншама күн,
Ішің түтін, сыртың бүтін.
Бәрін құрттың, бірақ сені күттім,
Мені қинай беріп, айтшы, жаным, нені ұттың?
Іздесем бақытты күнде ме, түнде ме,
Жаныңда жоқпын, ендеше үндеме.
Жылуды берме, қайтадан келме,
Жүрегім, сенбе, көңілді емде.
Сезімдерің қайда соңына дейін бірге болатын,
Сенің көз жасың кетті жүрегімді жылатып.
Жазылмады жүрек сен жайлы күйзелістен,
Өзгемен болғаным артық, жалған жүзіңді көргеннен.
Неге, айтшы, көзіме көрінбейді басқа қыз,
Көз жасың көмектеспейді, өміріңнен мені сыз.
Мен саған сенбеймін, көзің жасқа толса да,
Менде бәрі жақсы, жай сағынғаным болмаса.
Кешір, менен болмасын айып,
Тағдырмен қосыла сезімім болды ғайып.
Жаңбырмен тамшылауда менің көз жасым, неге,
Өз-өзіме сөз берем, енді сен оған сенбе.

Қ-сы: (х2)
Қанша қиын болса да,
Көзің жасқа толса да,
Қиылыспайтын тағдырды
Өмір, шіркін, қоса ма?

BaGi zh Ulan | Remix.kz еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1