I Шумақ BaGi Көптi көрдiм дегенше, көп туытқан дұрыс шығар, Дұрыс бағыттың орнына керi жолдар қаптап шығар. Кiм бiледi, кей пенденiң ар-ожданы аппақ шығар, Жәй ғана ойларым менiң дұрыстау бiр тақпақ шығар. Кiнәлаудың ретi келсе, айыпқа iлнiген оңай, Бәрiмiздiң ойымызда қыстан шығып кету тоңбай. Ешқандай мүсiн шықпайды жай ағашты қойсаң жонбай, Кеудеме жиналып қапты бiраз сөздер бiраз томдай. Жәй әңгiме күйдiредi жәй адамға жеңiл қонбай, Құлаққа сiңiрмегендер жылап жатыр құлап оңбай Өмiр сенiң құрдасың емес ойнап әзiлдесетiн, Қызыл, қара, сары түс – ойланып бiрiн кесесiң. Қазiр iрiлер көбейдi бiрiн тағдырын шешетiн, Күш атасын танымайды, қырылып оқпен тесетiн. Бiлмеймiз обалды, ол да бiздi танымайды, Таныса, айтар едi: \"Жiгiттер, бұларың болмайды!\"
II Шумақ BALLER Жерде халық өте көп, бірақ адамдар аз, Шыдамның да шегі бар, асып кетсе шыдамас. Қазіргі халық мас, қасты жақыннан тапты, Жауларды сатып алып жақындарды саттық. Көрсет наразылық, өз ойыңды айта біл, Ебі жоқ ет болып жатқанша досым тіріл. Жүзіңен күлкі кетпейтін адам ол емес бақытты, Ол жәй ғана сабырлы және де мықты. Жастарда шолақ мылтық жекпе-жек жоғалды Əлсiз адамның арманы бiр күнде тоналды Бiлмеймiз обалды, ол да бiздi танымайды, Таныса, айтар едi: \"Жiгiттер, бұларың болмайд!\" Жiгiттер, оларың болмайд, Өз-өзіңе сен өзге сені құтқармайд. Жiгiттер, оларың болмайд, Өз-өзіңе сен өзге сені құтқармайд.